Тағайындау
2 мин оқу 1,080

Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Президент Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің орынбасары лауазымына Нариман Таушов тағайындалды.

Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Нариман Бахытұлы 1967 жылы Атырау облысының Құрманғазы ауданында туған. Білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын экономист-ұйымдастырушы мамандығымен  бітірген. Сондай-ақ М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен құқықтану мамандығын алған.

Еңбек жолын 1993 жылы Орал қаласында мемлекеттік салық инспекциясының салық инспекторы болып бастаған. 1994-2001 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитетінде бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, басқарма бастығы, сондай-ақ комитет төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген. 2001-2002 жылдары Маңғыстау облысының, ал, 2002-2005 жылдары Батыс Қазақстан облыстық салық комитетінің төрағасы болды.

2005-2007 жылдары Батыс Қазақстан облыстық қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар басқармасының бастығы, 2007-2010 жылдары Атырау облыстық салық комитетінің төрағасы, 2010-2013 жылдары Орал қалалық салық басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

Ал 2013-2015 жылдары «Аққамыс» АҚ төрағасының кеңесшісі, 2015-2020 жылдары  Атырау облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы,   былтырғы наурыздан бері Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы болған.

Бөлісу: