Атырауда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен бұл лауазымды Айгүл Әжіғалиева атқарады. Ол бұған дейін облыс әкімінің орынбасары болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Айгүл Әжіғалиева 1966 жылы Атырау облысының Дамбы селолық округінде дүниеге келген. Білімі жоғары, 1985 жылы Целиноград қаласындағы Қаржы-экономикалық техникумын, 1991 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын қаржыгер мамандығымен бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы Гурьев облыстық қаржы бөлімінің кадр жұмысы жөніндегі аға инспекторы ретінде бастаған. 1985-2005 жылдары облыстық қаржы бөлімінде, кейін облыстық қаржы басқармасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2005-2006 жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары, 2006-2008 жылдары директоры, 2008-2010 жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы болды. Ал 2010 жылдың маусымынан осы тағайындауға дейін облыс әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.
«Құрмет» орденімен, бірнеше мерейтойлық медальмен марапатталған.