Коронавирус
1 мин оқу 484
Ресейде коронавирустың жаңа штаммы анықталды
<p style="text-align: justify;">Ресейде коронавирустың оңтүстік африкалық штаммы анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.</p>
«Талдау нәтижесінде 28 - британдық, 2 - оңтүстік африкалық штамм анықталды. Бразилиялық штамм тіркелген жоқ. Сондай-ақ коронавирустың 16 басқа мутациялары табылды», делінген хабарламада.
Агенттіктің мәліметінше, зерттеулерді Роспотребнадзордың 14 ғылыми-зерттеу ұйымдары жүргізіп жатыр. Соңғы уақытта шетелден келген, олармен байланыста болған, қайта жұқтыруға күдікті адамдардан, бес жасқа дейінгі балалардан және аурудың атипті ағымы бар адамдардан клиникалық материалдың 8 159 үлгісі жиналған.
Бөлісу: