Аймақтар
1 мин оқу 1,160

Ақтауда базардан өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Ақтаудағы &laquo;Волна&raquo; базарында өрт шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«5-інші шағынауданда орналасқан сауда орнындағы өрт туралы ақпарат сағат 02:58-де келіп түсті. Жалпы ауданы 400 шаршы метр болатын халық тұтынатын тауарлар сатылатын 21 сауда орнында өрт шыққан. Базардың жалпы аумағы -1300 шаршы метр, негізінен жеміс-жидек пен көкөніс сататын сауда орындарына залал келген», делінген хабарламада.

Департамент мәліметінше, өрт сағат 04:19-да ауыздықталып, сағат 04:45-те толық сөндірілген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті ауыздықтауға 67 маман мен 24 техника жұмылдырылған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:
Ақтауда базардан өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар