Бокс
1 мин оқу 230

Алты аруымыз Анадолы елінде айқасады

Ертең Түркияның Ыстанбұл қаласында бокстан халықаралық турнир басталады. Бұл жарыста Қазақстанның әйелдер құрамасы да өнер көрсетеді.

Алты аруымыз Анадолы елінде айқасады

Командамыздың бас бапкері Ерік Алғабек 21-наурызға дейін созылатын турнирге алты шәкіртін апаруды құп көріп отыр. Олардың барлығының да есімі жанкүйерлерге жақсы таныс. Мәселен, Түркия төрінде әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай күш сынасады. Шыны керек, кезінде елішілік жарыстарда қарсылас шақ келтірмей, халықаралық додаларда да талай мәрте алдына жан салмаған аруымыз соңғы кездері жиі сүрініп жүр. Қазақстан чемпионатында ұтылды, жуырда ғана өткен халықаралық турнирде сүрінді. Енді осы жарыста Назым жанкүйерлердің сенімін ақтайды деп үміттенеміз. Сондай-ақ, Владислава Кухта, Римма Волосенко, Валентина Хальзова, Надежда Рябец және Ақжаркын Молдабекова сынды сұлулар да Анадолы елінде өз өнерлерін ортаға салады.

Айтулы турнир аяқталған бетте Қазақстан құрамасы Түркияның Трабзон қаласына аттанып, Англия, Ирландия және жергілікті былғары қолғап шеберлерінің қатысуымен өтетін бірлескен оқу-жаттығу жиынында шеберліктерін шыңдайды.

Бөлісу:
Алты аруымыз Анадолы елінде айқасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар