Үстел теннисшілеріміз ұтылды
<p style="text-align: justify;">Катардың бас шаһары – Дохада үстел теннисінен биыл Токиода алауы тұтанатын жазғы Олимпия ойындарының іріктеу турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Парсы шығанағында өткен жарысқа әлемнің ең мықты деген ойыншыларының түгелге дерлігі қатысты. Ерлер мен әйелдерді қоса алғанда, барлығы 141 спортшы бақ сынады. Өкінішке қарай, Қазақстанның бірде-бір өкілі жолдаманы иеленбек тұрмақ, алғашқы айналымнан да аса алмады. Осы додадағы басты үмітіміз Кирилл Герасименко еді. Бірқатар халықаралық жарыстарда табысты өне көрсетіп, әлемдік рейтингте «ТОП-50» үстел теннисшілерінің қатарына еніп отырған жерлесіміз тұсаукесер кездесуінде үздіктер тізімінде 93 орында тұрған Любомир Япчарикке 2:4 есебімен есе жіберді.
Сондай-ақ, Айдос Кенжеғұлов люксембургтық Эрик Клодқа, Зәуреш Ақашева уэльстік Шарлотт Кэриге және Анастасия Лаврова италиялық Дебора Вивареллиге жол берді. Бұл бәсекелердің барлығында 0:4 есебі тіркелді.