Әлем
1 мин оқу 177

Сан-Диегода автомобиль жаяу жүргіншілерді таптап өтті

<p style="text-align: justify;">Сан-Диего қаласында 71 жастағы көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Оқиға салдарынан 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Associated Press ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Агенттіктің хабарлауынша, жалпы тоғыз адам зардап шеккен. Олардың екеуі ауыр халде ауруханаға жатқызылған, 3 адам қайтыс болды.

Жергілікті полиция көлік жүргізушісін ұстады. Ол 71 жастағы ер адам болып шықты. Жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізген деген болжам айтылды. Оқиға орын алған ауданда жергілікті университеттердің бірі орналасқан.

Бөлісу: