Аймақтар
1 мин оқу 260
Атыраулық полицейлер өрттен 7 адамды құтқарды
<p style="text-align: justify;">Түн ортасында Құрманғазы ауданының Мақаш ауылдық округінде тұрғын үйдің бірі өртенген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Учаскелік полиция инспекторы Талғат Рахимов пен көмекшісі Біржан Махмудов, полиция қызметкері Бағытжан Қадырбаев түнгі сағат 01:00 шамасында ауылдағы тұрғын үйдің бірінен өрт шыққанын байқаған. Полицейлер оқиға орнына жедел жетіп, өртенген үйден 4 ересек адам мен 3 баланы құтқарды» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер өрт сөндірушілер келгенге дейін қызыл жалынды сөндіруге көмектескен.
Бөлісу: