Экономика
2 мин оқу 263

Бірлескен кәсіпорындар ашудың берері көп

<p style="text-align: justify;">Бішкекте Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен қазақстандық үкіметтік делегация екі елдің тауарларды өткізу жүйелерін синхрондау туралы келіссөздер жүргізді.</p>

Бірлескен кәсіпорындар ашудың берері көп

Б.Сұлтанов Қырғыз Респу­б­ли­­ка­сының Вице-премьері – Эко­номика және қаржы ми­нистрі Улукбек Кармышаков­пен және Ауыл, су ресурстары және өңір­лік даму министрі Асқар­­бек Джаны­бековпен, Көлік, сәу­лет, құрылыс және комму­ника­ция министрі Гүл­нар Әбдір­алиева­мен, Энерге­тика және өнер­кә­сіп министрі Кубанычбек Турду­баевпен тауарларды өткізу жүйелерін біріктіру перспективаларын талқылады.

«Бұл біздің мемлекет­тері­міз­дің азық-түлік қауіпсіз­дігін қам­­та­масыз етіп қана қоймай, соны­­­мен қатар екі елдің экспорт­тық әле­уетін айтар­лықтай кеңей­туге мүм­кіндік береді», деді Б.Сұлтанов.

Атап айтқанда, Сауда ми­нистр­­лігінің басшысы өткізу жүйе­­лерін синхрондау Қазақ­стан мен Қырғызстаннан Ресей нары­ғына тауарлар ағынын жеңіл­дететінін жеткізді. «Ұлт­тық та­сымалдау жүйесі жұмы­сы­­ның бірыңғай ережелері және бір­ыңғай стандарттардың өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету біз­дің тауарларымызды Ресей на­рығына жеткізуде» тар дәліздерді «болдырмау­ға, жеткізілімдегі үзілістер­ді болдырмауға, сондай-ақ мау­сымаралық кезеңде өз на­рық­­тарымызды қанықтыруға мүм­­­кіндік береді», деді.

Сонымен қатар, қазақстан­дық бизнес Қырғызстанның та­уар өткізу жүйесінің инфра­құры­лымын құруға қызығу­шы­лық білдірді. Екі ел арасындағы сау­­да-экономикалық ынты­мақ­тас­тықтың кеңеюіне сүт және ауыл­шаруашылық өнімдерін қайта өң­деу саласындағы өн­дірістік ынты­мақ­тастық ық­пал етеді. Б.Сұл­танов болашақ бірлескен сауда-логистикалық орталық тұжырым­дамасын қайта қарауды ұсынды.

«Біз өнімдерді сақтай­тын орын ретінде Тауар логис­­­ти­ка­­лық орталығының  функ­цио­­нал­­­дығымен шекте­ліп қал­май, ауылшаруашылық өнім­­дерін, мысалы көкөніс­тер мен же­міс­терді, макарон өнім­­д­ерін өң­дейтін бірлес­кен кәсіп­­­орын­дар ашу­ды пысық­тауды ұсы­на­мыз. Жеңіл өнер­кәсіп­тегі бір­лес­­кен жобалар­дың бола­­шағы бар. Мұндай бір­лес­кен кәсіп­орын­­дар бізге үшінші елдер­дің нарық­тарына бірлесіп қол жет­кізуге мүмкіндік береді», деді қазақ­стандық делегация басшысы.

Сонымен бірге, Қазақстан мен Қырғызстанға ветеринарлық және фитосанитарлық шара­лар бойынша ынтымақтастық­­ты жалғастыру қажет. Жануар­лар ауруларының таралмауын бақы­лау және карантиндік объек­тілермен бірлесіп жұмыс істеу экспорттық нарықтарға қол жеткізуді едәуір жеңілдетеді. Нұр-Сұлтан қаласы техникалық регла­менттердің талаптарына сәйкес келмейтін жалған ауыл­­шаруа­­шылық өнімдерімен күре­су үшін күш біріктіруге дайын.

Екі елдің агроөнеркәсіптік кешенін ойдағыдай дамыту үшін транс­ше­каралық өзендердің су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету қажет.

Б.Сұлтанов алдағы вегета­циялық кезеңде бекітілген кестеге сәйкес мемлекетаралық пайдаланылатын су шаруашылығы нысандарына су жеткізілетініне сенім білдірді.

Сонымен қатар, ол қыр­ғыз тарапын биылғы 2 наурыз­да Қырғыз Республикасы Прези­дентінің Қазақстанға ресми сапары кезінде қол қойылған электр энергиясын айырбас­тау туралы хаттаманың талап­тарын орындауға шақырды. Осы хаттама екі мемлекет ара­сын­­дағы су-энергетикалық ын­ты­мақ­тастықты нығайтуды көздейді.

Энергетика және өнер­кәсіп ми­нистр­лігінде өткен ке­ліссөз­дер барысында қазақ­стандық деле­­гация Қырғыз­стан­дағы қазақ­стан­дық инвес­тициялардың мүд­де­лерін қорғау тақырыбын көтер­ді. Тарап­тар арнайы құрыл­ған жұ­мыс тобы аясында барлық проб­лемалық мәселені шешу бойынша Жол картасын әзір­леуге келісті.

Бөлісу:
Бірлескен кәсіпорындар ашудың берері көп · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар