Өнер
2 мин оқу 483

Мәңгілік дауысы

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы Мемлекеттік орталық музей &laquo;Алмалы палитра&raquo; суретшілер қауымдастығымен бірлесіп &laquo;Мәңгілік дауысы&raquo; атты көркемөнер туындыларының халықаралық көрмесін ашты. Өнер жәрмеңкесіне отандық 40 суретшінің, сонымен бірге Ресей, Чехия, Болгария, Германия қылқалам шеберлерінің үздік туындылары топтастырылып отыр.</p>

Мәңгілік дауысы

Көрме қабырғасына ілінген сексен картинада сексен түрлі пайым бар. Бейнелеу өнерінің барлық жанрларын қамтыған пейзаждар, натюрморттар, сю­жет­тік композициялар зер­делі көрерменді ой тереңіне жете­лейді. Ең бастысы, әр туындыгер көрмеге қазақ халқының тарихы мен дәстүрлі мәдениетінен сыр шертетін шығармаларымен келген. Заманауи суретшілер көркемөнер саласына киелі тұрмыс-салт элементтерін, тарих пен ежелгі ғұрып-нанымдарды, петроглифтерді, нышан-бел­гілерді, ата-әжелер образдарын, тарихи дәуірлердегі халық ба­тырларының асқақ бейнесін тү­сіндірме сюжеттермен бере білген. Шетелдік суретшілердің қа­зақ жеріне деген шығарма­шылық көзқарастары да сан қи­лы көрініс табады. Олар та­қырыпты көбіне-көп трансцендентальды әлем, сұлулық және табиғат үйлесімі арқылы ашуға тырысқан.

1

– Өнер ұлтқа бөлінбейді. Ол – адамзатқа ортақ құндылық. Қазақ даласының көркем табиғатына, көшпелілер мәдениетінің бай дә­с­түріне қызыға қараймыз. Мұн­да шығармашылық адамына айрықша шабыт сыйлайтын дүниелер өте көп. Тау мен дала да, өзен мен көл де бар. Бұл сұ­лулықты алдымен көңілге көші­ріп алып, кенепке түсіргенде тіп­тен құлпыра түседі, – дейді Че­хиялық танымал суретші Андрей Латынин.

1

Орталық мемлекеттік музей директорының орынбаса­ры Ғалия Теміртон ел Тәуелсіз­ді­гінің дөңгелек датасына орай биыл көптеген көрме жос­пар­­ланып отырғанын, бұл тұр­ғы­да мәдениеттерді байланыс­тыру мақсатында Қазақстан та­қырыбын қылқаламға ар­қау еткен суретшілердің ір­гелі жұ­мыстарын жергілікті кө­рер­менге таныстыруға зор көңіл бө­­­лінетінін айтады. Көрме кура­торлары Қазақстанның өнер қай­раткері Марлан Нысанбаев пен Лидия Дроздова да бұл пі­кір­ді қостады. Өйткені әлемнің ға­жайып мұрасына баланатын елі­міздің сұлу жерлері суретке сұ­ранып тұрады. Бұл өз ке­зе­гінде қазақ даласының тұмса таби­ғатын әлемге танытуға да сеп болмақ.

1

Көрменің символы – мәңгілік – уақыт, табиғат және адамның ажырамас бірлігі, адамның рухани қуатын арттыру, тоқтаусыз даму, шығармашылық және жа­сампаздық идеялар. Алма­ты­лық­тар мен қала қонақтары айтулы өнер туындыларын наурыз айы­ның соңына дейін тамашалай алады.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Мәңгілік дауысы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар