Атырау облысында 15 пәтерді тонағандар ұсталды
<p style="text-align: justify;">Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Құлсары қаласында жүргізген жедел іс-шара кезінде екі күдіктіні ұстады. Ұсталғандар 15 пәтерді тонады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Іс-шара кезінде пәтер ұрлығы қылмысына күдікті 1995 және 1994 жылы туған екі тұрғын ұсталды. Олар – Құлсары қаласының тұрғындары. Тексеру кезінде күдіктілердің Жылыой ауданында тіркелген 15 пәтер ұрлығына қатысы бары анықталды. Сондай-ақ, күдіктілерден алтын бұйымдар мен электрондық техникалар табылып, тәркіленді», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазір ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы, 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды.