Коронавирус
1 мин оқу 161

Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

<p style="text-align: justify;">Санитариялық - эпидемиялық бақылау комитеті өткен тәулікте елімізге халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар жайында мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кеше Қазақстанға Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Грузия, Өзбекстан және Қырғызстаннан 27 халықаралық әуе рейсі келді. 3 640 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 429 адам, анықтамасыз 211 Қазақстан азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 366 жолаушы, анықтамамен – 2 195, анықтамасыз - 171;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 584 жолаушы, анықтамамен - 568; анықтамасыз - 16;

Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 543 жолаушы, анықтамамен - 519; анықтамасыз - 24;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 147 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Сондай-ақ 15 наурызда шетелден анықтамасыз келген 150 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Бөлісу:
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар