Спорт
1 мин оқу 224

Боксшылар «Босфор» кубогында бақ сынайды

<p style="text-align: justify;">Түркияның Ыстанбұл қаласында бокстан &laquo;Босфор&raquo; кубогы басталды. Бұған дейін біз бұл жарысқа әйелдер командасы қандай құрамда қатысатынын жайында жазған едік.</p>

Боксшылар «Босфор» кубогында бақ сынайды

Айтулы турнирде жігіттерде бақ сынайды. Ұлттық командамыздың бапкерлері бұл бәсекеге қосалқы құрамдағы былғары қолғап шеберлерін апаруды жөн көрген екен. Барлығы 17 боксшы. Олар: 52 кило – Тимур Қабдешев, Дамир Әбдіқадыр; 57 кило – Айдос Арапов, Нұрбол Қалжанов; 63 кило – Бақтияр Смағұлов, Болат Ерсұлтан; 69 кило – Қуан Қуатов, Санатәлі Төлтаев, Дархан Дүсебай; 75 кило – Аман Қазанғапов, Аятулла Тәкежанов; 81 кило – Бекболат Әбдікерім; 91 кило – Сағындық Тоғамбай, Азамат Бектас, Нұрлан Сабыров, Абзал Құттыбеков; +91 келі – Айболды Дәуренұлы.

Ал Қазақстанның бірінші және екінші нөмірлі боксшылары кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Ресейдің Ставрополь облысында орналасқан Кисловодск қаласына аттанды. 

Бөлісу:
Боксшылар «Босфор» кубогында бақ сынайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар