Өскемен әкіміне маска тақпағаны үшін айыппұл салынды
<p style="text-align: justify;">Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омарға Б.Александров атындағы Спорт сарайында өткен шарада маска тақпағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
«Б.Александров атындағы Спорт сарайында өткен шараға қатысқан шаһар басшысы Жақсылық Омардың маска тақпай түскен фотосуретіне қатысты БАҚ-та тараған ақпараттар және жеке тұлғалардың өтініштері мұқият қаралды. Соның нәтижесі бойынша аталған тұлғаға қатысты қысқартылған өндірістік тәртіппен ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік айыппұл салынды. Қазіргі уақытта Ж.Омар айыппұлды өз еркімен төледі», деп хабарлады ШҚО Санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.