Оқиға
1 мин оқу 790

Батагөй қариялар байқауы

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысы Түлкібас ауданының қазыналы қариялары бата беруден сайысқа түсті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Әз-Наурыз мейрамы қарсаңында &laquo;Бабаларды еске алу және бата күніне&raquo; орай ұйымдастырылған мерекелік шараның мақсаты &ndash; дәстүрлі баталарды кейінгі ұрпаққа насихаттау, ежелгі салт-дәстүрді жаңғырту.</p>

Батагөй қариялар байқауы

Ауданға қарасты барлық ауылдық округтердің батагөй қариялары қа­тысқан байқаудың бірінші айналымынан 9 ақсақал сүрінбей өтіп, ақтық сынға жолдама алды. Бата сайысының қо­рытындысымен Мичурин ауыл­дық округінің атынан шық­қан Жарылқасын Бекжанов ақ­сақал «Ең батагөй қария» атанып,  І орынды иеленсе, ІІ орын Майлыкент ауылдық округінің қариясы Аспандияр Ке­лімбетовке бұйырды. Ал ІІІ орынды Түлкібас кентінің тұр­ғыны Ермахан Дәу­летов пен Ке­мер­бастау ауыл­дық окру­гінің абы­зы Ержан Әбді­ха­лықов жеңіп алды.

Жүлделі орындардан көрін­ген қариялар аудандық ардагерлер кеңесінің бағалы сыйлықтарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Түркістан облысы

Бөлісу:
Батагөй қариялар байқауы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар