Атырауда Исатай ауданының жаңа әкімі тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Исатай ауданының жұртшылығына жаңа әкімді таныстырды. Бұл лауазымға Президент Әкімшілігі мен аудандық мәслихат депутаттарының келісіміне сәйкес, облыс әкімінің өкімімен Полымбет Хасанов тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Полымбет Максимұлы 1980 жылы Индер ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қазіргі заманғы гуманитарлық университетін «Заңгер» мамандығымен бітірген.
2002-2005 жылдары облыстық ішкі істер органында жұмыс істеген. 2005-2006 жылдары кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде бас маман, 2006-2010 жылдары облыс әкімі аппаратында бас маман, облыс әкімдігінің бас инспекторы, 2010-2014 жылдары Мақат ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары болған.
2014 жылы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, 2014-2019 жылдары Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы, кейіннен Атырау қаласы әкімінің орынбасары, 2019 жылдан бері облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.