Видео
1 мин оқу 340

«Елорда Наурызы - 2021» акциясы ұйымдастырылды

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы &laquo;Руханият&raquo; коммуналдық мемлекеттік мекемесі 17 наурыз күні алаңдар мен саябақтарда, қоғамдық орындарда &laquo;Елорда Наурызы - 2021&raquo; акциясын өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Акцияның мақсаты - Наурыз мейрамын насихаттау. 

Шара барысында насихатшы жастар тобы халықты Наурыз мейрамымен құттықтады. Наурыздың дәстүрлеріне, ұлттық құндылықтарға қатысты сұрақ-жауап ойындарын өткізіп, белсене қатысқандарға құттықтау сыйлықтарын табыстады. Сондай-ақ жастар ел алдында өз өнерлерін паш етіп, оларды мемлекеттік тілде сөйлеуге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, Наурыздың маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсінуге, дәстүрлі мейрамды сезінуге шақырды.

Бөлісу:
«Елорда Наурызы - 2021» акциясы ұйымдастырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар