Білім
1 мин оқу 452

Цифрлық сабақтардың сапалы орындалуына арналған онлайн-семинар өткізілді

«Өрлеудің» Алматы қаласы бойынша аға оқытушысы Гүлбала Кеніштайқызы мұғалімдермен онлайн-семинар өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Цифрлық сабақтардың сапалы орындалуына арналған онлайн-семинар өткізілді

Дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы және Құқық негіздері пәнінің жаңартылған бағдарлама бойынша тренері, гуманитарлық ғылымдар магистрі, «Өрлеудің» Алматы қаласы бойынша аға оқытушысы Гүлбала Кеніштайқызы мұғалімдермен онлайн-семинар өткізді. Семинарға қатысушыларға тренер бірінші кезекте цифрлық сабақтарды түсірудің бекітілген ережесінен ауытқымай, эстафета материалдарына қойылатын талаптар бойынша жұмыс жасудың маңыздылығын атап өтті.

Тренер семинар барысында эстафетаға қатысушы мұғалімдердің Дүниежүзі тарихы пәнінен (10-сынып) 4-тоқсанның оқу бағдарламасы бойынша әзірленген сабақ үлгілерімен танысып, қашықтықтан білім беру жағдайында оқушылардың білімін толықтыруға негіз болатын цифрлық сабақты дайындау барысында бағалау критерийлеріне, білім, білік, дағдысына, тапсырмалардың ерекшеліктеріне мән беріп, дескриптор мен кері байланыстың дұрыс жүргізілуіне бағыт-бағдар берді.

Семинар барысында тарих пәні мұғалімдері сабақты әзірлеу барысындағы туындаған сауалдарымен, сабақ жоспарын орындауға қажетті кеңестермен бөлісті.

Бөлісу:
Цифрлық сабақтардың сапалы орындалуына арналған онлайн-семинар өткізілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар