Медицина
1 мин оқу 512

Шымкентте инсульт орталығы ашылды

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қолдауымен&nbsp; №2 қалалық аурухана базасында&nbsp; жоғары мамандандырылған инсульт орталығы мен ангиография бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Еgemen.kz</a></p>

Жаңадан ашылған орталықта медицина мамандары  Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындарына шұғыл  медициналық көмек көрсетеді.

Заманауи медициналық құрал - жабдықтармен қамтылған орталық 30 орынға лайықталған.  Мұнда  соңғы үлгідегі экспресс - класты бипланды Philips Azurion 7 В20/15 ангиографиялық аппараты мен өкпені жасанды тыныстандыру, цифрлы ренген сынды инсульт ауруын емдеуге қажетті аппараттар орнатылған. 

Теңдесі жоқ құрылғылармен жұмыс істеу үшін  медицина мамандары шет елдерде біліктілігін арттырып келген.

Бөлісу:
Шымкентте инсульт орталығы ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар