Қазақстан
1 мин оқу 94

Шетелден келген 4 жолаушыдан коронавирус табылды

<p style="text-align: justify;">18 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Франция, Мальдив Республикасы, Кипр, БАӘ, Мысыр, Иран, Түркия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Қырғызстаннан 34 халықаралық әуе рейсі келді.</p>

3 771 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 414 адам, анықтамасыз 357 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 1 932 жолаушы, анықтамамен – 1 803, анықтамасыз - 129;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 200 жолаушы, анықтамамен – 972, анықтамасыз - 228;

Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, барлық 490 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 149 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Анықтамасыз келген 387 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде үш жолаушы Шарм эль-Шейх – Алматы рейсімен, бір жолаушы Шарм эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.

Бөлісу:
Шетелден келген 4 жолаушыдан коронавирус табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар