Аймақтар
1 мин оқу 560

Атырауда 76 жастағы қарияға қарақшылық шабуыл жасалды

<p>Егде жастағы атыраулыққа қарақшылық шабуыл жасалды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.</p>

Атырауда 76 жастағы қарияға қарақшылық шабуыл жасалды

«Махамбет ауданының тұрғыны 14 наурызда сағат 08:00 шамасында 1945 жылы туған  азаматшаның үйіне заңсыз кіріп, үшкір затпен қорқытқан. Әр түрлі купюрадағы 14 мың  теңге ақшасын, алтын бұйымдарын алып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген залал көлемі – 114 мың теңге. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, осы қылмысқа күдікті 31 жастағы азаматты ұстады» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 192-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:
Атырауда 76 жастағы қарияға қарақшылық шабуыл жасалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар