Аймақтар
1 мин оқу 943

Алматыда жеті қабатты үйден өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Бүгін кешкі сағат 17:04-те Алматы қаласы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Алматы қаласы Медеу ауданында жеті қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Пәтерде жиһаз және үй заттары жанған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли өртті сөндіруге Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің 22 қызметкері мен 5 бірлік техникасы жұмылдырылғанын айтып берді.

Өрт бесінші қабаттағы пәтерден шыққан. Мамандар өрт автосатысының көмегімен 3 адамды құтқарды. Тұрғындар эвакуацияланды. Өрт сағат 17:32-де сөндірілді. Қызыл жалын 30 шаршы метр жерді шарпыған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:
Алматыда жеті қабатты үйден өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар