Аймақтар
1 мин оқу 290

Жырдан дауыл тұрғызды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Армысың, әз Наурыз!&raquo; атты облыстық деңгейдегі дәстүрлі ақындар айтысы өтті. Жыр додасында Қарағанды, Теміртау, Сәтбаев қалалары мен Бұқар жырау, Қарқаралы және Нұра аудандарынан келген алты жұп ақын бақ сынады.</p>

Жырдан дауыл тұрғызды

Жас айтыс ақындары жыл басы Наурыздан бастап, Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдық, тұңғыш заңгер Жа­қып Ақбаевтың 145 жыл­дық жә­не тұңғыш математик Әлім­хан Ер­мековтің 130 жылдық мерейтойларына қатысты тақы­рыпты жырға қосып, айтыстың көрігін қыздырды.

Айтыстың ақтаңгері Аманжол Әлтаев бастаған қазылар алқа­сының шешімімен бас жүлде Қа­ра­ғанды қаласының атынан түс­кен Төрехан Советке бұ­йыр­ды. Бірінші орынды қарқ­ара­лылық Бекарыс Оспанов иеленсе, екін­ші жүлде Доскей Бот­пай мен Нұр­лыбек Төкенге берілді. Бұл екі ақын­­ның екеуі де Бұқар жырау ауда­нының намысын қорғады. Ал үшінші жүлдені Сәтбаев қала­сы­ның ақыны Абзал Мақаш пен Теміртауда тұратын шайыр Жа­нарыс Тілеубек қанағат етті.

Сонымен бірге жекелеген ақын­­дарға арнайы жүлделер бе­рілді. Атап айтқанда, темір­тау­лық Еркеғали Бекболат Әли­хан Бөкейхан атындағы, қара­ғандылық Нұрсұлтан Рымбай, Әлім­хан Ермеков атындағы, Нұра ауданының үміті Жандос Ба­қытұлы Жақып Ақбаев атын­дағы арнайы жүлделерге лайықты деп танылды.

Жас ақындар жыр айтысын Қарағанды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама бас­қар­масы, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы, сондай-ақ «Арқа» айтыс ақындары мен жыршы-термешілер мектебі ұйымдастырды.

ҚАРАҒАНДЫ

Бөлісу:
Жырдан дауыл тұрғызды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар