Сенат Төрағасы: Наурыздың мән-мазмұнын арттыра түскеніміз абзал
<p style="text-align: justify;">Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Құрметті достар!
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Әз-Наурыз – татулық пен достықтың, ырыс пен ынтымақтың, ізгілік пен жақсылықтың мерекесі. Жаңару мен жасампаздықтың нышаны. Бұл күндері төл құндылықтарымыз төрге озып, салт-дәстүріміз кеңінен дәріптеледі.
Тереңнен тамыр тартатын осынау мейрам Тәуелсіздігіміздің арқасында қайта түлеп, ұлт руханиятының өрісін кеңейтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Наурызда қоғамды ұйыстырар құндылықтарға басымдық берудің маңызы зор екенін айтқан еді. Шын мәнінде, алдағы уақытта мерекенің мән-мазмұнын одан әрі арттыра түскеніміз абзал.
Келіп жеткен жаңа жылымыз еліміз үшін құтты да қайырлы болсын! Әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке әкелсін! Тәуелсіз Қазақ елі мәңгі жасай берсін!
Ұлыс оң, ақ мол болсын, ағайын!