Спорт
1 мин оқу 290

OCTAGON 18 турнирі 7 сәуірде өтеді

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық OCTAGON промоутері келесі турнир өтетін күнді жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://prosports.kz/kz" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Prosports.kz</a>&nbsp;сайтына сілтеме жасап.</p>

Айтулы шара 7 сәуірде көрерменсіз өтеді. Қазіргі уақытта алдағы турнирдің карды әлі белгісіз және ол жақын арада жарияланады.

Промоушен соңғы турнирін 17 наурызда өткізген еді. Кештің басты жекпе-жегінде Карим Рузбакиев (6-0) төртінші раундта Айболат Мұратұлын (2-3) нокаутқа жіберіп, жартылай ауыр салмақ дәрежесінде (93 кг) титулға қол жеткізді.

Кештің екінші маңызды жекпе-жегінде қазақстандық файтер Ұлан Тамғабаев (7-5) бірінші раундта өзбекстандық Абдул-Азиз Сотволдиевті қылқындыру әдісімен жеңген болатын.

 
Бөлісу:
OCTAGON 18 турнирі 7 сәуірде өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар