Әлем
1 мин оқу 240

Малайзияда індеттің өршуіне байланысты шектеулер енгізілді

<p style="text-align: justify;">Малайзияда COVID-19 індетінің өршуіне байланысты барлық шетел азаматтарының ел аумағына кіруіне және жүруіне шектеулер енгізілген.</p>

2021 жылдың 26 қаңтарынан бастап Малазияға ұшып келген екі жастан асқан барлық әуе жолаушылары үш күн ішінде алынған COVID-19 теріс нәтижесі көрсетілген ПТР анықтамасын ұсынулары тиіс.

Сонымен қатар, мемлекетке келген барлық адамдар Малайзия Үкіметі белгілеген мекемеде міндетті карантиннен өтулері керек (7 күн), анықтамасыз келген жолаушылар ПТР-тестілеуден өткізіледі (карантин 10 күнге дейін ұзартылады).

ПТР тестілеу мен карантиндік стационарға орналастырумен байланысты барлық шығындар (976 доллар немесе 1085 доллар - анықтаманың болуына байланысты) саяхатшының есебінен жүргізіледі.

Бұдан бөлек, шетел азаматтарына карантинге орналасу жағдайларын таңдау құқығы берілмейді - бұл қонақ үй, отель, санаторий немесе емхана болуы мүмкін.

Бөлісу:
Малайзияда індеттің өршуіне байланысты шектеулер енгізілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар