Білім
1 мин оқу 286

Ақтөбеде 7 оқушы мен 2 студенттен вирус анықталды

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе қаласында қауіпті індетті жұқтырғандардың саны артып келеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Өткен тәулікте 7 оқушы мен 2 студенттен коронавирус анықталды.

Облыстық санитариялық-эпидемиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева:«Ақтөбе қаласындағы №63, 64, 78 және «Ақбөбек» және Хромтау аудандық №2 мектеп-гимназияның оқушыларынан вирус анықталды. 1, 2, 3, 4, 5-сынып және мектепке даярлық тобында оқитын оқушылардың бәрі оффлайн дәріс алған.

Көбі науқас адамдармен қарым-қатынаста болғаны үшін тексеріліп, вирус жұқтырғаны белгілі болды.

Одан бөлек, колледж және университет студенті де COVID-19 жұқтырған. Екеуі де онлайн оқыған», деп айтып өтті.

Бөлісу:
Ақтөбеде 7 оқушы мен 2 студенттен вирус анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар