Аймақтар
1 мин оқу 300

Петропавлда көпқабатты үйден өрт шығып, 132 адам эвакуацияланды

<p style="text-align: justify;">Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 19:37-де &laquo;101&raquo; нөміріне Петропавлдағы Н.Назарбаев көшесі, 225 мекенжайындағы тұрғын үйде өрт шыққандығы жөнінде хабарлама түскен, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Бес қабатты тұрғын үй бұрын жатақхана болған, бір ғана кіреберісі бар, ұзын дәлізді ғимарат. Жалын екінші қабаттағы пәтерлердің бірінен шыққан.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минутта жетті. Олар баспалдақты қолданып, екі адамды қою түтіннің ішінен алып шықты. Тағы 132 адам, оның ішінде 25 бала қауіпсіз жерге шығарылды.

Ал 20 минуттың ішінде жалынды ауыздықтап, сағат 20:21-де толық сөндірді. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің 31 маманы күресіп, 9 техника жұмыс істеді. Әзірге өрттің неден шыққаны және шығын мөлшері белгісіз.

Бөлісу:
Петропавлда көпқабатты үйден өрт шығып, 132 адам эвакуацияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар