Әлем
2 мин оқу 942

Сингапурлықтардың 90 пайызының өз үйі бар

<p style="text-align: justify;">Әлемде аз уақыт ішінде дамып, озық елдер қатарына қосылған мемлекеттердің мысалы көпке үлгі бола алады. Дүние жүзі ғалым&shy;дары мен сарапшылары Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің даму стра&shy;тегиясы мен экономикалық жетістігіне баса назар аударып келеді. Со&shy;лар&shy;дың бірі Сингапурдың өзіндік моделін ерекше деуге толық негіз бар.</p>

Сингапурлықтардың 90 пайызының өз үйі бар

1960-жылдардың аяғы мен 1970-жылдар аралығында елде жұмыссыздық пен тұр­ғын үй дағ­дарысы белең алған. Дәл осы кезде Сингапур мемлекетті түбегейлі жаң­ғыр­ту бағдарламасына бел­сен­ді кіріскен-ді. Елдегі өнер­кәсіп саласын аяққа тұр­­ғызып, ірі мемлекеттік тұр­­ғын үй кешендері дами бастады. Одан бөлек, білім беру мен инфрақұрылымды дамытуға қыруар инвестиция тартылған. Нәтижесінде, 90-жылдарға қарай Сингапур на­рықтық экономикасы да­мы­ған, халықаралық сауда бай­ланысы орныққан табыс­ты елдердің біріне айналды. Қазір ол Азиядағы жан ба­сына шаққандағы ең жо­ға­ры ішкі жалпы өнімге ие елдердің бірі және БҰҰ-ның адам әлеуетінің даму индексі (HDI) бойынша 11-орынға жайғасқан. Сингапур – транс­ұлт­тық корпорациялар үшін де қолайлы елдердің біріне айналды. Бұған елдегі сыбайлас жемқорлықпен күрестің жақсы нәтижелері себеп бол­ған.

Көптеген маманды елдегі еркін нарық пен социалистік принциптердің үйлесім тап­қа­ны таңғалдырады. Еңбек нарығында иммигранттар­ды құшақ жая қарсы алған. Сол шеттен келген жұ­мыс­шы­лардың еңбегі елеулі еке­ні айтылған. Елдегі салық деңгейі де төмен. Нәтижесінде, халықтың жалақысы жоғары, ал үкімет жанама салықтардан жет­кілікті табыс табады. Син­гапур экономикасының бір бөлігі социалистік принциптерге негізделіп, ол бойынша мемлекеттік тұрғын үй жобалары өте табысты жүзеге асқан. Халықтың 90 пайы­зының өз баспанасы бар. Бұл үйлер үкіметтің ар­найы бағдарламасымен бе­рілген. Көп сарапшыларды саудаға капиталистік көзқарас қалыптастырған елде тұрғын үйге келгенде мүлдем басқа социалистік пікірдің белең алуы таңғал­дырады. Сингапурдың тұр­ғын үй саласын әлемде ең табысты шешілген жүйе деу­ге барлық негіз бар. Ел­дегі денсаулық сақтау жүйе­сі де баспана мәселесі секіл­ді мемлекеттен қыруар қар­жы алады. Тұрғындар мен жұмыс берушілер арнайы медициналық сақтан­дыру жүйесіне табы­сы­ның бір бөлігін аударып тұрады. Ал саланың бар­лық шығынын үкімет толы­ғымен өз қалтасынан жаба­ды. Осылайша, АҚШ пен Ресейдің ұстанған бағытының қосын­дысы Сингапурда үйлесім та­уып, елді өркениет биігіне кө­терді.

Бөлісу:
Сингапурлықтардың 90 пайызының өз үйі бар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар