Коронавирус
1 мин оқу 426
Еліміздің тағы бір облысы «қызыл» аймаққа кірді
<p style="text-align: justify;">Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Мәліметке сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Атырау облыстары тұр. «Сары» аймақта Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстары орналасқан. Ал қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.
Еске сала кетейік, кеше үш облыс «қызыл» аймақта тұрғанын хабарлаған едік, бүгін бұл қатарға Атырау облысы қосылды.
Бөлісу: