Қазақстан
1 мин оқу 480

Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысы әр сенбі сайын өтеді

<p style="text-align: justify;">ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысын қорытындылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Көтерілген сұрақтардың бәрі маңызды. Сондықтан, аптасына бір рет жиналуға ұсыныс беремін. Бәріңіз жұмыстағы азаматсыздар ғой, сенбі күні таңғы 10-да жиналып отыруға қарсы емессіздер ме? Айтқан ойларыңызға толық қосыламын және алғыс айтамын. Бүгін 60 шақты ұсыныс түсті, бәрін жазып алдық. Іштеріңізде де талай сұрақ бар екені белгілі, оның бәрін алдағы отырыстарда бірге талқылаймыз. Бүгін де сегіз мемлекеттік органның өкілдері арнайы шақырылды, оларды күнделікті жұмыс істейтін топ деп қабылдаймыз. Берілген ұсыныстардың бәрін талдап, 3-4 топқа бөліп шығарсақ, әрбір топ келесі сенбіге дейін нақты жұмыс істейді», деді спикер.

Бөлісу: