Аймақтар
1 мин оқу 550

Алматыда ұшақ апатынан жарақат алған екі азамат есін жиды

<p style="text-align: justify;">Алматыда ұшақ апатынан ауыр жарақат алған екі адам есін жиды. Бұл туралы қалалық №4 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Сағи Бейсенбеков хабарлады.</p>

«Алматыда ұшақ апатынан зардап шеккен екі азаматтың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Реанимация жағдайында бақылауда. Екеуі де есін жиды», дейді Сағи Бейсенбеков.

Естеріңізге сала кетейік, 13 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан ұшып шыққан АН-26 әскери ұшағы Алматы әуежайының ұшу-қону жолағына жетпей апатқа ұшырап, өртке оранған болатын. Борттағы 4 адам оқиға орнында қаза болса, екі азамат ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген еді.


Бөлісу:
Алматыда ұшақ апатынан жарақат алған екі азамат есін жиды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар