Футбол
1 мин оқу 140

Жастардың жарқын жеңісі

<p style="text-align: justify;">Түркиядағы Antalya Cup-2021 ха&shy;лық&shy;аралық турниріне қатысып жат&shy;қан фут&shy;болдан Қазақстан жастар құра&shy;ма&shy;сы (U-21) жарысты жеңіспен бастады.</p>

Жастардың жарқын жеңісі

Солтүстік Македониядан келген құр­дас­тарымен жасыл алаңда кездескен Қайрат Нұрдәулетовтің шәкірттері қар­сыластарынан 2:1 есебімен басым түсті. Матчтың 54-минутында «Астана» клубының қорғаушысы Сағи Совет есеп ашса, 73-минутта Абылайхан Жұмабек таблодағы көрсеткішті еселей түсті. Айта кетейік, Солтүстік Македония құрамасы былтыр 2021 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде жерлестерімізді өз жерімізде 4:1 есебімен тізе бүктірген еді.

Біздің жігіттер келесі ойынын бүгін Болгария жастар құрамасымен өткізеді. Кездесу елорда уақытымен 20:00-де басталады. Ал 28 наурызда Өзбекстан футболшыларымен кездеседі.

Бөлісу:
Жастардың жарқын жеңісі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар