Аймақтар
1 мин оқу 1,363
Алматыда қар көшкіні жүруі мүмкін
<p style="text-align: justify;">Қар көшкінінің жүру қаупіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Департамент таратқан мәліметтерге қарағанда, жылымықтың аясында жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 26-27 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.
«Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға болмайды.Тауда абай болыңыздар», делінген ведомстваның хабарламасында.
Бөлісу: