Экология
1 мин оқу 721

Қазақстанда доллар қымбаттады

<p style="text-align: justify;">Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындылары бойынша, бүгін теңгенің 1 долларға қатысты бағамы қымбаттады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан қор биржасы мәліметінше, бүгін таңертең ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы  424,43 теңге болды. Кешегі бағаммен салыстырғанда 0,98 теңгеге қымбаттаған.

Ұлттық банктің 26 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 423,36 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 424,70 теңгеге сатылса, ал сатып алу 423,20 теңге болып тұр. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 424,54 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу - 423,34 теңге.

Бөлісу:
Қазақстанда доллар қымбаттады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар