Сот сараптамалары органдарының материалдық-техникалық базасы 70% жаңартылды
<p>Сот сараптамалары органдарының техникалық және технологиялық жағынан заманауи талаптарға сай қызметтерді жаңа ғимараттарда орналастыру мәселесі шешілуде, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ОКҚ-ға сілтеме жасап.</p>
«Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында Сот сараптамалары институтының үлгілік ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Өткен жылы Атырау қаласында облыс әкімі жаңа ғимарат салып, Әділет министрлігіне сот-сараптаманың орнын ауыстыру үшін өтініш берді. Бұл жұмыстар жалғасады. 2021-2025 жылдары республиканың тағы 6 өңірінде: Шымкент, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Павлодар және ШҚО ғимараттар салу жоспарлануда», деді М.Бекетаев.
Бұдан басқа, сала реформасы аясында цифрландыру және автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде. «Е-Saraptama» ақпараттық жүйесі әзірленді. Оны «Төрелік», «Е-қылмыстық іс» және «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйелерімен шоғырландыру бойынша жұмыс жүргізілді. Биыл пайдалануға қосу жоспарланған.