Қазақстан
1 мин оқу 165

Әділет министрі отставкаға кетуін талап еткендерге жауап берді

<p style="text-align: justify;">Әділет министрі Марат Бекетаев өзін лауазымды қызметінен отставкаға кетуін талап етіп, петиция әзірлегендерге жауап берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Шынымен де петиция мәтінімен танысып шықтым және осыған байланысты мынаны айтқым келеді. «Әкімшілік процедуралар туралы» заңға сәйкес, бұл петиция үндеу болып саналады және аталған Заң бойынша лауазымды тұлғаның белгілі бір іс-әрекетін даулайтын үндеу сол лауазымды тұлғаның өзіне бағытталмауы тиіс. Сондай-ақ Заң іс-әрекеті қандай да бір түрде дауланатын лауазымды тұлғаға үндеудің қаралу процесіне кедергі келтіруге, оның ішінде мұндай үндеудің мазмұнына жария түрде пікір білдіруге тыйым салады. Басқаша айтар болсақ, «Әкімшілік процедуралар туралы» заң маған аталған петиция мазмұнына пікір білдіруге тыйым салады. Отставкаға өтініш берейін деп отырғаным жоқ»,  деді Марат Бекетаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында.

Бөлісу:
Әділет министрі отставкаға кетуін талап еткендерге жауап берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар