Аймақтар
1 мин оқу 276

Елордада эпидемиялық ахуал тұрақсыз

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша 17 күннен бері &laquo;қызыл аймақта&raquo; тұр. Күніне 150-ден 280-ге дейін жағдай тіркеледі. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.</p>

«Қала 17 күннен бері эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша «қызыл аймақта» орналасқан. Күніне 150-ден 280-ге дейін жағдай тіркеледі. Соңғы аптада сырқаттанушылық деңгейі алдыңғы аптадан 21%-ға жоғары, 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш — 129,6 құрады. Репродуктивті саны — 0,99», деді Бейсенова.

Санитарлық дәрігердің мәліметінше, 2021 жылдың басынан бері қала бойынша сырқаттанғандар саны 10 мыңнан асты, пандемия басталғалы 28 756 жағдай тіркелді (оның ішінде 18 285 — симптоматикалық және 10471 — симптомсыз).

Ақпан айында сырқаттанушылық динамикасы қаңтармен салыстырғанда 25%-ға төмендегені байқалды. Алайда, соңғы алты айдағы ең жоғары көрсеткіш — қаңтар айында орын алған жоғары деңгейдің қайталанып отырғаны байқалады.

«Осы мерекелік аптада науқастармен байланыста болғандар саны 10%-ға өсті, яғни 500-ден 735 адамға дейін, бұл қала тұрғындарының карантиндік шараларды, оның ішінде үй карантин режимін сақтамағанын көрсетеді. Сонымен қатар, өткен аптамен салыстырғанда балалар арасында аурудың 5%-ға, яғни 210-нан 339-ға дейін өсуі байқалады», деп атап өтті елорданың бас санитарлық дәрігері.

Қазіргі уақытта белсенді ошақтар саны – 1 512, оның ішінде: үй – 976, ұйымдастырылған – 536, онда 3361 байланыста болған адам медициналық бақылауда.

Елордада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты қала тұрғындары мен қонақтары карантиндік шектеулер мен санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек.

Бөлісу:
Елордада эпидемиялық ахуал тұрақсыз · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар