Аймақтар
1 мин оқу 260
Атырауда 3166 адам вакцина салдырды
<p>Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінге дейін 3166 адам «Спутник V» вакцинасын салдырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оның ішінде 1550 медицина қызметкері, 1275 педагог пен 341 полицей бар.
«Атырау облысына 3600 «Спутник V» вакцинасы жеткізілді. Қазір вакцинаның 3207 дозасы егілді. Вакциналау жүргізілетін нысандарда әлі де 391 доза сақтаулы тұр» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.
Бөлісу: