Ақорда «Жер сағаты» акциясына қосылды
<p style="text-align: justify;">Ақорда «Жер сағаты» акциясына қосылды. Бұл туралы бүгін Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Бүгін, яғни, 27 наурыз күні «Жер сағаты» жаһандық акциясы аясында әлемнің мыңдаған қаласында жарық өшіріледі. Бұл акцияның мақсаты – адамдарды жер бетіндегі ресурстарға жанашырлық танытуға шақыру. Осы игі шараны қолдау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін еліміздегі бірқатар ірі нысанның, соның ішінде Президенттің «Ақорда» резиденциясының сыртқы жарық шамдары сөндіріледі. #EarthHour», делінген хабарламада.
Осыған дейін ҚазАқпарат «Жер сағаты» ауқымды экологиялық акциясы өтетінін хабарлаған болатын.