Оқиға
2 мин оқу 541

Турағұлға қатысты тың дерек

<p style="text-align: justify;">Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан универ&shy;ситетінің &laquo;Мұхтартану&raquo; ғылыми орталығы ғалымдарының ізденісінің нәтижесінде Абай Құнанбаевтың саяси қуғын-сүргін құрбанына айналған перзенті Турағұл Ибраhимұлына қатысты тың дерек табылды.</p>

Турағұлға қатысты тың дерек

Ғалымдардың айтуынша 1990 жылдары Мәкен Турағұлқызы алмағайып заманда шейіт кеткен әкесінің аты өшпесін һәм тарихта мәңгі қалсын деген ниетпен «Мемориалды тақта» жасатқан. Бір ерекшелігі – ол мемориалды тақтада тек Турағұлдың ғана емес, Абай­дың өзге де ұрпақ­тары­ның қай жылы, қай жерде жерленгендігі туралы ақпа­рат берілген.

Сондай-ақ, аталған тас­тұғыр­­ға Хакім Абайдың:

«Жас қартаймақ,

жоқ тумақ, туған өлмек,

Тағдыр жоқ өткен өмір

қайта келмек.

Басқан із, көрген қызық

артта қалмақ,

Бір құдайдан басқаның

бәрі өз­гермек», – деген бір шумақ өлеңімен қоса: «Абай Құнан­баевтың Шым­кент қаласында жер­ленген үрім-бұтағы» делініп, 4 адамның есімі мен қай жылы, қай жерде жерленгендері көр­­сетіл­ген. Олар: «Турағұл Абайұлы – Әйгерім­нен туған. 1934 ж. ХФЗ аймағы;

Келіндері: Дәмежан – Ми­кайл­дің әйелі. 1960 ж. Шұ­қырсай,

Камалия – Әубәкірдің әйелі. 1962 ж. Қасқа зираты;

Немересі: Әубәкір – Ақыл­байдың ұлы. 1933 ж. Көксай;

Турагул Абайулы – сын Айгерим. 1934 г. Р-Н ХФЗ;

Жены сыновей: Дамежан – жена Микайла. 1960 г. Шукырсай;

Камалия – жена Аубакира. 1962г. К-ше Каска;

Внук: Аубакир – сын Акыл­бая. 1933 г. Коксай». Тас­тұ­ғыр­дағы бұл мәтіндер қа­зақ-орыс тіл­дерінде беріл­ген.

Бұл жәдігер сол жылдардан бері «Химфарм» акционерлік қоғамының арнайы бөлімінде сақталған. Ал Тәуелсіздіктің 30 жыл­дық мерейлі мерекесіне орай компания басшылығы құнды дүниені «Мұхтартану» ғылыми орталығына табыс етуді жөн деп тапқан.

Ғалымдардың сөзіне сүйен­­­сек, бұл тастұғыр осы күн­­ге дейін айтылып жүр­ген: «Турағұлдың сүйегі Шым­кенттегі Қорғасын зауы­­­тының астында қалып қой­ды» – деген пікірді түбе­гей­лі те­ріс­ке шығарады. Өйт­­кені атал­мыш зауыт 1882 жыл­дары салынған, ал Тура­ғұл Ибра­hим­ұлы 1934 жылы қай­тыс бол­ғаны бел­гілі.

Айта кетерлігі, табыл­ған жә­­дігер Мұхтар Әуезов атын­дағы Оң­түстік Қазақ­стан уни­вер­ситетінің «Мұх­тартану» ғы­лыми орталы­ғының мұра­жайына қойыл­ды. Орталық қыз­меткер­лері құнды дү­ние­ге байланыс­­ты зерттеу жұ­мыс­тарын жүргізуде.

ШЫМКЕНТ

Бөлісу: