Аймақтар
2 мин оқу 500

Оңалту орталығы ашылды

<p style="text-align: justify;">Балқаш қаласында облыстық денсаулық сақтау бас&shy;қар&shy;масы мен &laquo;Балқаш медициналық орталығы&raquo; ЖШС арасындағы мемлекет-жекеменшік әріптестігі негі&shy;зінде заманауи медициналық және техно&shy;логиялық құ&shy;рал-сайманмен жабдықталған оңалту орта&shy;лығы ашыл&shy;ды.</p>

Оңалту орталығы ашылды

Жаңа мекеме ауданы 1700 шар­шы метр болатын үш қабатты ғи­маратта орын тепті. Бірінші қа­батта тіркеу орны мен лифт, екін­ші қабатта оңалту терапиясынан өтуге арналған медициналық жаб­дық­тары бар залдар, үшінші қа­батта емшара кабинеттері мен тәу­лік бойы жатуға ар­нал­ған палаталар орналасқан.

Мамандардың айтуынша, мұнда ай сайын 80-нен астам адам оңалтудан өтеді. Жаңа орталық қаладан бөлек, жақын маңдағы Приозерск қаласы мен Ақтоғай және Шет аудандарынан да науқас­тар­ды қабылдайтын болады. Пациенттерге орталық шта­тындағы 6 дәрігер мен 14 медбике қызмет көрсетеді.

Айта кететін бір жайт, бұған дейін Балқаш қала­сы­ның 700-ге жуық тұр­ғыны жыл сайын облыстық клиникаларға оңалтуға жі­бе­рілетін. Енді жағ­дай мүл­де өзгерді: балқаш­тықтар үшін көмектің бұл түрі қа­ла­ның өзінде қолжетімді болды. Оңалту ор­та­лығы ме­дициналық қыз­мет­тің сан алуан түрін көрсетеді. Мы­са­лы, мұнда орта­лық және пери­фе­рия­лық жүйке жүйесі, қан айналымы жүйесі ауруларына байланысты қоз­ға­лу бұзылыстары бар, жа­рақаттардан, жүрекке, миға және буындарға опера­ция жасалғаннан кейінгі жағ­дай­дағы ересек пациенттер емделетін болады. Мұнда олар кинезотерапия, механотерапия және эрготерапия, дәрі-дәрмекпен емдеу және басқа да медициналық қызмет түрлерін алады.

Еске сала кетсек, Бал­қаш­та оңал­ту орталығы ашылмай тұрып жұқ­палы аурулар ауру­ханасының коронавирус инфекциясын жұқ­тыр­ған нау­қастар емделетін кор­пу­сы іске қосылған болатын. Төрт қабатты ғимаратты күрделі жөн­деу 2021 жылдың ақпан айы­ның­ соңында аяқталды. Бұған дейін корпус төрт жыл бойы тек жартылай ғана пайдаланылып келген еді. Қазір мекеме 100 тө­сек­ке арналған толыққанды тип­тік жұқпалы аурулар ауруханасына айналды.

Қарағанды облысы,

Балқаш қаласы

Бөлісу:
Оңалту орталығы ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар