Аймақтар
1 мин оқу 320

Алтайда қар барысы фототұзаққа ілінді

<p style="text-align: justify;">Жуықта Алтай тау сілемдеріне орнатылған фототұзақтың объективіне қар барысы ілінді. Сұлу жануар бұған дейін суретке 2014 жылдың қаңтарында түскен еді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Алтайда қар барысы фототұзаққа ілінді

Фототұзақты былтыр қарашада орманшы Жомарт Аманбаев, инспекторлар Манарбек Омаров және Мұрат Арабаевтар Аршаты орманшылығының аумағындағы 2300 метр биіктіктегі барыс жүреді-ау деген тұсқа орнатқан еді. Еңбектері нәтижелі. Көзге көріне бермейтін қар барысы камераның дәл алдынан өткен.

– Фототұзақ арқылы ілбістің Алтай тау сілемдеріндегі тіршілігін зерттеуге болады. Алдағы уақытта бұдан да сәтті кадрлар түседі деп ойлаймыз, – дейді Катонқарағай ұлттық паркінің ғылым, экологиялық мониторинг және ақпарат бөлімінің басшысы Әлия Ғабдулина.

Біле білсек, саны азайып бара жатқан қар барысы Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

Бөлісу:
Алтайда қар барысы фототұзаққа ілінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар