Президент
1 мин оқу 4,761

Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік» атты жиында бейнеүндеу жасайды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев &laquo;Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік&raquo; атты жоғары деңгейдегі жиында бейнеүндеу жасайды. Бұл туралы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли&nbsp;Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен 21:30-да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік» атты жоғары деңгейдегі жиында бейнеүндеу жасайды. Мемлекет және Үкімет басшылары деңгейіндегі онлайн форумды өткізуге БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канада және Ямайканың премьер-министрлері Джастин Трюдо мен Эндрю Холнесс мұрындық болды. Жиынды БҰҰ-ның веб-сайты арқылы тікелей эфирде тамашалауға болады», деп жазды.

Бөлісу: