Аймақтар
1 мин оқу 400

Заңсыз марал атқандар ұсталды

<p style="text-align: justify;">Жазаға тартылып жатқанымен, заңсыз аң ату тиылмай-ақ тұр.&nbsp; 27 наурыз күні Глубокое ауданының аумағында заңсыз марал аулағандар ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Заңсыз марал атқандар ұсталды

Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандары табиғатты қорғау мақсатында жүргізілген рейдтік іс-шаралар кезінде табиғат қорғау полиция бөлімі инспекторларымен және «Черная Уба» аңшылық шаруашылығы директорымен бірлесіп, резервтік қордағы «Коровиха» аңшылық шаруашылығы аумағынан екі маралдың қалдықтары, екі терісі мен бас- сирақтары табылды.

Рейдтік шара кезінде Риддер қаласының екі тұрғынынан 35 кг мөлшерінде ет, тіркелмеген 16 калибрлі «ТОЗ» маркалы қос ауызды, тегіс ұңғылы, шүріппелі мылтық және 16 калибрлі 2 оқталған патрон тәркіленді.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 337 бабының 1 бөлімі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Заңсыз марал атқандар ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар