Аймақтар
1 мин оқу 220

Петропавл полицейлері асыл тұқымды итті ұрлаған адамды ұстады

Бағасы 120 мың теңге болатын хаски тұқымдас итті ұрлаған адам бейнекамерадағы жазбаның көмегімен ұсталды. Ол ит тұрған бөтен аулаға баспалап келіп, сүйкімді итті алып шығып, машинасына салып алып кеткен.

Петропавл полицейлері асыл тұқымды итті ұрлаған адамды ұстады

Осының бәрі бейнежазбада анық көрінген. Тәртіп сақшылары күдіктіні оңай анықтады, ол сол ауданда тұрып жатқан 23 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Асыл тұқымды ит оның ауласынан табылды. Хаскиді ол бұрын да бір рет ұрлап кеткені анықталды, бірақ ақылды ит басы босағанда бірден өзінің бұрынғы қожайындарына қашып келген екен. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің  «Ұрлық» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

ПЕТРОПАВЛ

Бөлісу: