Атыраулық ауыл мұғалімі «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атанды

Атырау облысының шалғай ауылындағы мектеп мұғалімі «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атанып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 12 ақпандағы Жарлығымен білім саласының бір топ өкілі «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы» атанған еді. Солардың арасында жоғары санатты мұғалім Ақмарал Ғабдуллина да бар. Еңбегі еленіп, мерейі тасыған ұстазға құрметті атақты Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов табыс етті.
Қазір Ақмарал Ғабдуллина Индер ауданындағы Көктоғай ауылдық округінде тұрады. Осындағы Б.Нысанбаев атындағы орта мектепте 1988 жылдан бері тарих және құқықтану пәнінен дәріс береді. Ауыл балаларының ел және әлем тарихына қанығуына, құқықтық сауатын арттыруына еңбек сіңіріп келеді.