Ауа райы
1 мин оқу 1,330
Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
<p style="text-align: justify;">Ауа райына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Еgemen.kz.</a></p>

Бүгін түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын жауып, ал екінші сәуірде тұман мен көктайғақ болуы ықтимал. Тараз қаласында 1 сәуір күні қатты жел соғады. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының кей аймағын тұман басады. Петропавл қаласында осы күні жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Дәл сондай жағдай Қарағанды облысында қайталанбақшы. Өзге өңірлерде де ауа қысымы өзгеріп, күн райы құбылмалы болады.
Бөлісу: