Аймақтар
1 мин оқу 230

Петропавлда мыс кабелін ұрлағандар қолға түсті

Петропавлдағы ЖШС аумағынан жоғарғы бағасы 500 мың теңге тұратын 30 метрлік мыс кабелі ұрланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлда мыс кабелін ұрлағандар қолға түсті

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері облыс орталығының 19 бен 20 жастағы екі тұрғынын ұстады. Олардың біреуі көрші кәсіпорында жұмыс істеген. Айтуынша, жұмысқа бара жатқан тұста көзіне үнемі осы кабель түскен екен. Ұсталғандар ұрланған кабельді оқшаулауыш материалдан тазарту үшін отқа күйдіріп, металл қабылдау орнына бар болғаны 27 мың теңгеге тапсырыпты. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабымен Сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қаскөйлер кәсіпорынға айтарлықтай шығын келтіріп, аз ғана қаражат үшін бастарын бәйгеге тіккен. Көп жағдайларда күзеттің сауатты ұйымдастырылуы қылмыстың алдын алуға мүмкіншілік береді. Аталмыш кәсіпорынның күзеті тиянақты жұмыс істемеген», дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Марат Жұмалиев.

Бөлісу:
Петропавлда мыс кабелін ұрлағандар қолға түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар