Экономика
2 мин оқу 250

Экспорт әлеуетін арттыратын шешім

<p style="text-align: justify;">Биыл 29 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1-сұрыпты ұнды биржалық тауарлар тізімінен алып тастау туралы шешім шығарды. Президенттің ресми сайты бұл туралы &laquo;Мемлекет басшысы ұн нарығының ерекшелігін және оның экспорттық әлеуетін ескере отырып, ұнды биржалық тауарлардың тізіміне қосуға ерте деп шешті&raquo; деп жазды. Жыл басталғалы отандық диірмендердің бас ауруына айналған көкейкесті мәселенің дер кезінде оң шешім табуы ұн өндіруші кәсіпкерлерді қуантып отыр.</p>

Экспорт әлеуетін арттыратын шешім

Бұл жайында «Брендті ұнды биржада сатуға қарсы» деген тақырыппен «Egemen Qazaqstan» газетінің биыл 9 ақпандағы санында жарияланған мақала­да жан-жақты мәселе қозғал­ған еді. Естеріңізде болса, Сауда және интеграция министрлігі был­тыр 2021 жылдың шілде айы­­нан бас­тап 1-сұрыпты ұнды биржалық тауарлардың санатына енгізу туралы ұйғарымға келген. Артынша министрліктің бұл шешіміне шетелге ұн экспорттап отырған ірі диірмендер наразылық білдір­ді. Өйткені қазақ ұнының бір­ден-бір басты импортері – Ауғанс­тан тарапы биржа саудасына техникалық тұрғыдан дайын емес. Ал ұн биржа арқылы саудалана бастаса, Қазақстан экспорттағы қомақты үлесінен айырылып қалуы мүмкін.

Мемлекет басшысының ше­ші­міне, әсіресе биыл сыртқа сауда­­­ланатын ұн көлемін ұлғай­ту­ды көздеп отырған Қоста­най облысының ұн өндіруші кәсіп­керлері қатты қуанды.

– Бұл – біздің өңірдегі ғана емес, жал­пы бүкіл еліміздегі дүйім диір­мен кәсіпорындары тағат­сыз­дана күткен сүйінші жаңалық. Бұ­ған дейін бұл мәселені біз об­лыс­тық кәсіпкерлер палатасында бірнеше рет көтеріп, ұнның биржа арқылы сатылуы саланы тоқырауға әкелетінін айтқан болатынбыз. Нақтырақ айтсақ, ұн биржа арқылы сатыла бастаса, отандық ұн экспорты үле­сі­нің 65 пайызын алып отыр­ған Ауғанстанға шығатын жол жабылады. Өйткені бұл елде біз­дегідей емес, жағдай тұрақ­сыз, олар биржалық сауда қаты­нас­тары­на дайын емес. Сонымен қатар бірінші сұрыпты ұн қазақстан­дық бренд болып саналады. Яғни әр кәсіпорынның көп жылдан бері қалыптасып қалған сенімді клиенттері бар. Тағы бір мәселе, биржалық сауда талаптары бо­йынша ұнды сақтау мерзімі өте қысқа. Бұл – кәсіпкерлер үшін қолайсыз. Кәсіпкерлер пала­та­сының сарап­тама қорытын­ды­сында осының бәрін тізіп көр­­сеттік. Мемлекет басшысы жағ­дайды дұрыс бағамдап, мәселені кәсіпкерлердің пайдасына шешіп беріп отыр. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш, – деді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов.

Қостанай облысы

Бөлісу:
Экспорт әлеуетін арттыратын шешім · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар